«Бәйтерек Девелопмент» АҚ сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбау үшін бизнес-процестерді автоматтандырады

2016 жылғы маусымда «Бәйтерек Девелопмент» АҚ «Нұрлы Жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша объектілердің құрылысына қатысты құжаттардың өту рәсімін зерделеуге және талдауға кірісті. Шарттарды жасасу кезінде «делдалдық» қызметтер ұсыну түріндегі проблемалардың болуы жөнінде құрылыс салушылардың шағымдарына байланысты компания қабылданатын шешімдер айқындылығын қамтамасыз етудің жаңа алгоритмін әзірледі.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Астана қаласында 44 құрылыс компанияларымен кеңесу өткізді, оның барысында құрылыс салушылардың барлық өтініштері, атап айтқанда, пәтер не ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарламаға қатыстыруға уәде беретін «кеңесшілердің» болуына шағымдары егжей-тегжейлі талқыланды. Өз кезегінде, компания мердігерлерді жемқорлықтың тіпті шағын фактілеріне төзбейтіндігін, мәмілелер жасау кезінде шешімдерді қабылдауда ашық тәсілді қолданатынын, сондай-ақ арнайы жедел байланысты іске қосатынын мәлімдеді.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ адам факторын және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында барлық шешуші бизнес-процестерді автоматтандыруға кірісті.
Бүгінгі күні «Бәйтерек Девелопмент» АҚ кеңсесінде келіссөздер жүргізу үшін әйнекті кабинет жабдықталды, және ол келіссөздерді жазатын барлық қажетті аудио, бейне аппаратурамен жарақтандырылған. Қызметкерлерге бейтарап жерде ресми келіссөздерді жүргізуге тыйым салынған.

Жобаларды қарау мен іріктеу, шарт талаптарын орындау бизнес-процестерінің, ақы төлеу, тұрғын үйді пайдалануға беру, сондай-ақ жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйді сату және бөлу рәсімдерінің техникалық карталары әзірленді және ендірілді. Бұл карталарды «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның ресми сайтынан ашық көруге болады.

http://baiterekdevelopment.kz/wp-content/uploads/2016/10/Презентация-бизнес-процессы-21.09.16-3.pdf

Сонымен қатар жедел байланыс телефон жұмыс істейді: + 7 (7172) 919-161

Бұған қоса, компания құрылыс салушылардың шарттарды орындауына және олардың қаражаттарды мақсатты пайдалануына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өңірлердегі әрбір объектіде техникалық қадағалаудың аттестатталған өкілдері бар, олар құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу сапасына бақылауды жүзеге асырады.

Анықтама: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамында
және оның еншілес ұйымдарында алаяқтық және жемқорлық фактілерін ескерту және анықтау жөніндегі бақылауды күшейту, сондай-ақ Холдингте оларды қатаң түрде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мақсатында Алаяқтыққа және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қолданылады.