Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Жеке серіктестерге

   «Бәйтерек девелопмент»АҚ(бұдан әрі-Қоғам) жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-әрекет мақсатында,Сіздерге инвестициялау келісімшартында «Жемқорлыққа қарсы саясат» бөлімі қарастырылғанын еске саламыз.Осыған сәйкес,тараптар жемқорлыққа қарсы төзбеушілік саясатын қабылдайды ,сонымен қатар,егер жемқорлық мінездегі әрекеттер анықталатын болса,тараптар уәкілетті органға хабарлауға міндеттенеді.

   Қоғамның қызметіне байланысты әр түрлі сұрақтардың шешімін табуға көмек беру ұсынысымен  Қоғам қызметкерлері болып өздерін таныстырған үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін, аймақтарда Қоғамның супервайзерлері бар екенін Сіздерге ескертеміз.Олардың кәсіби міндетіне нысандар құрылысының мониторингі жатады.

   Қоғам өзінің функцияларын жүзеге асыруда үшінші тұлғаларды,басқа да делделдерды тартпайды, тек уәкілеттігі Қоғамның ресми бланкісінде сенімхатпен расталған,Қоғамның бірінші басшыларының қолымен,мөрдің суретімен расталған тұлғалар ғана рұқсат етілетінін қосымша хабарлаймыз.

   Қоғаммен  кері байланыс, Қоғам басшылары мен қызметкерлердің жеке қабылдауы немесе «Заңдық және жеке тұлғалардың үндеулерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңына сәйкес, пошталық корреспонденция хаттары арқылы жүзеге асады.

   Егер жемқорлық саясатты бұзушылық болса,Сізден Қоғамға мына нөмірлерге ақпарат жіберуіңізді сұраймыз:

8 (7172) 53-77-81, +7 (701) 939 89 16, немесе электрондық мекенжай бойынша:  hotline@bdevelopment.kz.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты