Холдинг жаңалықтары

«Бәйтерек» холдингі «Қазақстан Темір жолы» АҚ-мен және оның еншілес ұйымы «ҚТЖ-Экспресс» АҚ-мен, «Verno Capital» инвестициялық қор – шетелдік қатысушылармен және «PNK Group» девелоперлік компаниясымен бірлесе отырып, заманауи қойма орынжайларын салу жобасын іске қосты.

Қоймалар «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағына орналастырылады. Жобаны «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құрған Қазақстанның инфрақұрылымдық қоры арқылы қаржыландырады.

«Қазақстан дамуының негізгі институты болып табылатын «Бәйтерек» холдингі елдің инфрақұрылымдық әлеуетін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен түйісетін шетелдік балама жобаларды да қолдауға дайын», – деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әріпханов.

А. Әріпхановтың айтуынша, «Бәйтерек» холдингінің шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылының инвестициялық, сауда, инновациялық және энергетика салаларында болашағы зор. Холдинг стратегиялық инвестициялық әріптестікті ұлғайтуға және өзара қызығушылық танытқан жобаларды қаржыландыру бағытын жалғастыра бермек.





«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Астана, 30 қараша. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы болып өтіп, оның барысында 2017-2021 жылдарға арналған түзетілген Даму жоспары мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2018 жылға арналған Жылдық бюджеті қаралды.

Даму жоспарын түзету және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жылдық бюджетін бекітудің мақсаты «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына түзетулерге және Республикалық бюджеттен қаражатты игеруге, ҚР экономикасына кредит беру және инвестициялаудың болжамды көрсеткішін арттыру мен Холдинг компаниялар топтары шығыстарының кейбір баптарын қысқартуға байланысты бес жылдық кезеңге Холдинг қызметінің негізгі шоғырландырылған көрсеткіштерін нақтылау қажеттілігі болып табылады.

Отырыс барысында Директорлар кеңесі Республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаржылық қаражатты пайдалану туралы ақпаратты назарға алып, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-дан қосымша қорландыру тарту бойынша мәміле жасауды мақұлдады және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2018 жылға тәуекелдері бойынша барынша мәндерді бекітті.





«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Маңғыстау облысында бизнесті мемлекеттік қолдау форумы» тақырыбында Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін форум өткізді.

Форумға Маңғыстау облысының әкімі, «Каспий» СПК, Kazakh Invest және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Форумға кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін қоса алғанда 400-ге жуық қатысушы келді. Бұл іс-шараға «Бәйтерек» холдингінің жоба жетекшісі Дамир Мусиннін модераторлық етуімен Холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Қаржы Корпорациясының өкілдері сөз сөйледі және Аграрлық кредиттік корпорация бизнесті қолдау құралдарын таныстырды.

Облыс кәсіпкерлері мен инвесторлар «Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымдары («Қазақстан даму банкі» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ,  «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тікелей инвестициялар қоры, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Қазақстан даму банкі» АҚ еншілес ұйымы, «Бәйтерек» ҰБХ құрылымы) тарапынан қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары және «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары туралы хабардар болды.

Форум алаңында «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының өкілдері қаржыландыру мүмкіндіктері мәніне жоба бастамашыларымен В2В келіссөздер өткізді және ынтымақтастықтың одан әрі нақты қадамдары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.





«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында Атырау облысының кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін дөңгелек стол өткізді. Форумға «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ бизнесті қолдау құралдарын таныстырумен Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.

Облыс кәсіпкерлері мен инвесторлар «Қазақстан даму банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы), «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Қазақстан даму банкі» АҚ еншілес ұйымы, «Бәйтерек» ҰБХ құрылысы), «Даму» КДҚ» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы), «KazakhExport» ЭСК» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы), «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы), «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС («Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы) тарапынан қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары және «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары туралы хабардар болды.

Форум алаңында «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары қаржыландыру мүмкіндіктері мәніне жоба бастамашыларымен В2В келіссөздер өткізді және ынтымақтастықтың одан әрі нақты қадамдары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.





«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдармен бірлесе отырып, Қызылорда қаласында «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында өткен «Baikonyr Invest» ІХ инвестициялық форумына қатысты.

Форумның мақсаты шетелдік және отандық инвесторлардың өңір компанияларымен өзара табысты әріптестігін орнату, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыруға әрекет ету үшін бизнес, ғылым және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Форум шеңберінде «Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымдары өңірлердегі кәсіпкерлер үшін қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпаратты ұсынған, сондай-ақ перспективалы инвестициялық жобаларды ұсынушылардың қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Өңір кәсіпкерлері «Қазақстанның даму банкі» АҚ тарапынан ірі бизнесті қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары туралы, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС инвестициялық жобаларын кешенді қолдау туралы, «KazakhExport» ЭСК» АҚ тарапынан отандық экспорттаушыларды қолдау шаралары, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тікелей инвестицияларының қоры тарапынан үлескерлік қаржыландыру мүмкіндіктері, «Даму» КДҚ» АҚ шағын және орта бизнесті дамыту бойынша қорының құралдары туралы ақпараттандырылған.