Холдинг жаңалықтары

Астанада «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және Корея Республикасының тұрғын үй кепілдігі Корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов холдингтің негізгі басымдықтарының бірі – ынтымақтастықты жан-жақты дамыту және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау деп атады. Нақтырақ айтқанда, осы жұмыстың арқасында Қазақстанда Корея Республикасының тәжірибесі бойынша Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылды және оның қызметі үшін қажетті заңнамалық база әзірленді.

 «Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі қағидаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасына ресми сапары аясында 2016 жылдың қарашасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумда бекітілген. Бүгін біз Меморандумның мерзімін ұзартамыз, ол тәжірибе мен білім алмасуға негіз болады», – деп атап өтті Айдар Әріпханов. 

Өз сөзінде Корея Республикасының Тұрғын үй кепілдігі корпорациясының басқарма төрағасы Ли Чае Кванг жемісті ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан үшін қазақстандық тарапқа ризашылығын білдірді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Бәйтерек» холдингінің арқасында қысқа мерзім ішінде Қазақстанда тұрғын үй кепілдігі саласында Корея Республикасының тәжірибесі енгізілді. Бұл бірінші халықаралық жетістік, – деді Ли Чае Кванг. – Жаңа Меморандум практикалық және өзара тиімді жұмыстың нышаны болады деп сенемін. Біз ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша, атап айтқанда, бірлескен тәжірибе ұйымдастыру үшін, егжей-тегжейлі жоспарды ұстанамыз». 

Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик екі жақты ынтымақтастықтың зор экономикалық әлеуетіне тоқталды.

«Ең жоғары ықтималдығы бар жерлерде – технологиялар, білім беру, әлеуметтік жобалар, тұрғын үймен қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу сияқты салаларда бірге жұмыс істеу маңызды, – деді Ким Дэ Сик. – Бұл екі ел үшін барынша пайда әкелетін салалардағы жетістіктер».

Меморандум аясында тараптар тұрғын үй құрылысына кепілдік беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және қолдауға ниет білдірді. Бұл бағыттағы нақты қадамдар тұрғын үйді кепілдендіру жүйесі, тәжірибе алмасу, тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және ақпарат алмасу, сондай-ақ жұмыс топтарын құру және тараптардың өкілдерінің бірлескен білім беру бағдарламаларына қатысуы саласындағы тәжірибе алмасу болады.





Парижде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Айнұр Қуатова Қазақстан-француз инвестициялық бизнес-форумына қатысты.

«Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға арналған құралдар» атты сессиясының шеңберінде А.Қуатова «Бәйтерек» холдингі қызметінің жайында және біздің еліміз Холдинг арқылы халықаралық инвесторларға қолдау көрсету шаралары туралы баяндама жасады.

Холдингтің негізгі стратегиялық бағыттарын таныстыра отырып, баяндамашы экспорттық әлеуетті іске асыруда көмек көрсетудің ерекше маңыздылығына тоқтады. Мысалы, «Бәйтерек» өзінің еншілес компаниялары арқылы – «Қазақстанның Даму Банкі» және «KazakhExport» – металлургия, химия және азық-түлік өнеркәсібінің өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпорындарды жалпы 165 млрд. теңгеге (422 млн. Еуро) қаржыландырды.

Холдингтің көрсеткен қолдауының арқасында 2017 жылы кәсіпорындардың тауарлар экспортының жалпы көлемі 670 млрд. теңге (1,7 млрд. еуро) құрады. Бұл Қазақстанның жалпы шикізаттық емес экспортының шамамен 15% -ын құрайды.

Сонымен қатар, Басқарушы директор отандық кәсіпорындар экспортының кең географиясын, яғни, қазақстандық өңдеу өнеркәсібінің тауарлары Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия елдеріне жіберілетінін атап өтті.

«Бәйтерек холдингі инвестициялық жобаларды табуға, тартуға және қолдау үшін инвесторлармен және бизнес қауымдастықтармен белсенді жұмыс істеуде», – деді Айнұр Қуатова. – Біз экспорттаушылар мен банктерді экспорттық келісімшарттар бойынша төлемдерден қорғау үшін сақтандыруды қолдау құралдарының кең ауқымын ұсынамыз және де «Digital Baiterek» ақпараттық жүйесін дамыту бастамасын жүзеге асырамыз».

Осы жобаның аясында «бір терезе» қағидаты бойынша клиентке бағдарланған бизнесті қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған ережелер көзделген.

Форум аясында А.Куатова ірі француздық CDC International Capital инвестициялық компаниясының басшылығымен кездесті.





Бүгін XI Астана экономикалық форумы шеңберінде, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, БҰҰжәнебизнесөкілдері бизнес-секторынтұрақтыдамытумақсаттарын іске асыруға тарту жолдарын талқылады.

Халықаралық және қазақстандық бизнестің өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы жаһандық, аймақтық деңгейде (ТМД) және Қазақстанда тұрақты даму мен экономикалық өзгерістерге қол жеткізудегі бизнестің рөлі туралы өз көзқарастарын білдірді.

Бұл сессия бизнестің компаниялары жұмысының, процестерінің және стратегияларының жеке тұрақтылық қағидаттарын енгізудегі білім мен тәжірибеніалмасу және олардың 2030 жылға дейінгі Жаһандық даму күнін насихаттауға белсене қатысу бойынша сұхбат алаңы болды.

БҰҰ-ның ҚазақстандағыТұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомурдың айтуынша, инновациялар, инвестициялар және жұмыс орындарын құру үшін теңдессіз мүмкіндіктерді ескере отырып, бизнес секторбасты экономикалық мемлекеттік шешімдерді табу процесінде маңызды болмақ.Мысал ретінде АҚШ экономикасы қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанның оң жобалары Қазақстанда ТДМ-нің дамуына себеп болды.

«Бұл арада, мен Қазақстанда мемлекеттік және жеке сектор арасындағы ынтымақтастық арқылы ең инновациялық шараларды жүзеге асыруға болатындығын көрдім және оған сенімдімін.Мысалы, қазіргі уақытта біз «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі акционері болып табылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен төмен көміртекті жобаларға шағын кәсіпкерлікке жеке инвестицияларды ынталандыру үшін жұмыс жасаудамыз.Бұл тәжірибе және басқа да көптеген мысалдар мемлекеттік институттаржеке секторға тұрақты даму саласында күн тәртібімен жұмыс істеудедұрыс ынталандыра алатын маңызды рөлді көрсетеді», – деді Н.Шимомура.

Талқылаудың маңызды бөлігі Қазақстанның коммерциялық кәсіпорындарының ТДМ-ді іске асыруға қатысу мүмкіндіктеріне әсер ететін, Қазақстанның экономикалық шынайылығына байланысты туындаған қиындықтарға арналды.Қатысушылар сондай-ақ мемлекеттік саясат, қаржылық реттеу саласындағы және жаһандық күн тәртібіне қол жеткізуде бизнестің қатысуын белсендіруге қажетті басқа да макроэкономикалық мәселелердегі басты реформаларды атап көрсетті.Осыған байланысты, отырыс спикерлері бизнес компанияларды ашық болуға, тұрақты дамуға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және әйелдердің шешімдер қабылдау деңгейіне қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларға көбірек қызығушылық танытуға, сондай-ақ қоғам үшін үлкен жауапкершілікке шақырды.

«Бәйтерек» холдингі негізгі даму институты бола отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, еңбек өнімділігін арттыру және басқару процестерін жетілдіру үшін айрықша маңызы бар цифрлық технологияларды дамыту арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін бар күш-жігерін салады»,– деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов.

Әріпханов мырзаның айтуынша, Тұрақты даму қағидаттары Ұйымның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясына және Холдингтің Корпоративтік басқару кодексіне интеграцияланған және инвестициялық талдау мен инвестициялық шешімдерді қабылдауда қолдану үшін жоспарланған.Инвестициялық талдау және инвестициялық шешімдер қабылдау шеңберінде экологиялық, әлеуметтік факторларды және әділ корпоративтік басқару факторларын бағалауды қамтитын жауапты инвестиция тәжірибесі дамытылатын болады.

Сессия барысында қатысушылар өңірлік интеграция мен Орталық АзиядаҚазақстан жетекші рөл атқаратын ТДМ-ді енгізу әлеуетіне назар аударды.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) –бұл әділ және бейбітшілікке жан-жақты қол жеткізу үшін әрекет етудің әмбебап шақыруы.ТДМ үкіметтерді, жеке секторды және азаматтық қоғамдықазіргі және болашақ ұрпақтың ортақ игілігі үшін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік дамуды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандыру үшін бірге жұмыс істеуге шақырады.

ТДМ-ді 2015 жылы әлемдік көшбасшылар қабылдаған. 17 мақсатқа кедейлікті жою, білім алу мен денсаулық сақтауды ілгерілету, әйелдердің құқықтарын насихаттау және қоршаған ортаны қорғаудан бастап тиімді мемлекеттік басқаруға дейінгі көптеген мәселелер кіреді. Мұндағы идея, біздер жақсы өмірсүру және одан пайда алу процесінде алға жылжу кезінде басқа ешкімнің артта қалып қоймауы.

Бизнес және тұрақты даму жөніндегі комиссия жариялаған баяндамаға сәйкес ТДМ-ге қол жеткізілсе, 12 триллион долларға жуық нарықтық мүмкіндіктер құрылады және 2030 жылға қарай жаһандық деңгейде «нақты экономиканың» 60%-на тең азық-түлік және ауыл шаруашылығы, қалалар, энергетика және материалдар, денсаулық пен әл-ауқат сияқтытөрт экономикалық жүйеде 380 миллион жаңа жұмыс орны ашылады.





Fitch Ratings рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ рейтингілерін «ВВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

Агенттіктің хабарламасына сәйкес эмитет дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингі (ЭДР) «ВВВ» деңгейінде шетелдік және ұлттық валютада, ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» және қысқа мерзімді РДЭ «F2» шетелдік валютасында. Cондай-ақ, Fitch “Бәйтерек” холдингінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигациялар шығарылымдарының рейтингтерін “ВВВ”/ “AAA(kaz)” деңгейінде растады.

“Бәйтерек”холдингі рейтингтері Қазақстанның егемен рейтингтерімен бір деңгейде тұр. Fitch пікірінше, “Бәйтерек” холдингі Қазақстанның экономикалық даму бойынша саясатын экономиканың шикізаттық емес секторларын, әртараптандыру және қолдау, инновациялық даму мен экспортқа бағытталған өңдеу салаларын қолдау арқылы жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Анықтама үшін: Холдинг сонымен бірге Moody’s Investors Service агенттігінің “Ваа3” деңгейіндегі рейтингін иеленді, болжам “Тұрақты”. (Қазақстанның егемен рейтингтеріне сәйкес келеді).





«Бәйтерек» холдингі қызметтердің цифрлық витринасы – «Digital Baiterek» ақпараттық жүйесін іске қосты. Жүйеге холдингтің ресми сайтынан кіруге болады www.baiterek.gov.kzwww.mybaiterek.kzwww.digital.baiterek.gov.kz.

Қазіргі уақытта «Digital Baiterek» жүйесінде холдинг пен оның алты еншісһлес мекемесінің 19 қызметі автоматтандырылған. Негізінен, «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша кәсіпкер үйнінен немесе кеңсесінен шықпай-ақ, тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыруға өтніш жолдап, орындалған жұмыстар актілері бойынша төлем үшін құжаттарды жолдай алады, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ желісі бойынша – экспорттаушы несиесін сақтандыруға, қаржылық лизингті сақтандыруға құжаттар жолдай алады, «БРК-Лизинг» АҚ желісі бойынша – лизингтік қаржыландыру аясында бизнес-ұсыныстарды алдын ала қарастыру, «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ желісі бойынша – кепілдік ұсыну туралы келісімшарт жасау үшін тұрғын үй құрылысы жобасы бойынша құжаттар жолдай алады, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС желісі бойынша – инвестициялауға жоба немесе инвестициялауға қатысу үшін өтініш жолдай алады. Ғылыми кәсіпорындар, ғалымдар және инноваторлар салаларды технологиялық дамытуға, технологияларды коммерцияландыруға және әрекет етуші кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар ұсыну үшін «НАТР» АҚ-ға онлайн тәртіпте өтініш жолдай алады.

«Бәйтерек» холдингі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кешенді жұмыс жүргізеді. Өткен жылдың соңында холдингті цифрландырудың 2018-2023 жылдарға арналған өзекті стратегиясы бекітілді. Стратегия аясында «бір терезе» қағидасы бойынша барлық деңгейде кәсіпкерлерді кешенді қолдауды қалыптастыру үшін барлық еншілес мекемелер қызметтерінің біртұтастығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде біздің еншілес мекемеміз, Қазақстан даму банкімен өндірістік қуаттылықтарында 4.0. Индустриясы технологияларының элементтерін сатылай енгізу жүзеге асырылатын 10 кәсіпорынның жобалары қаржыландырылды», – деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.

«DigitalBaiterek» Электронды үкіметпен және Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі бірыңғай цифрлық платформамен ықпалдастырылатын болады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2017 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.