Холдинг жаңалықтары

Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Халықаралық валюта қорының Таяу шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Марк Хортонмен кездесу өткізді.

Ерболат Досаев ХВҚ өкілдерін Холдинг пен оның еншілес ұйымдары жұмыстарының негізгі бағыттарымен таныстырды. Олардың қатарында – ірі индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ технологиялар, инновациялар трансферті және экспортты қолдау.

«Бәйтерек» холдингісінің экономиканы әртараптандырудағы рөлі туралы айта келе, Ерболат Досаев Холдинг компаниялары тобының «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму және Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатындығына тоқталды. «Қазақстан даму банкі» АҚ индустриализациялау бағдарламасының екінші бесжылдығының (2015-2019 жж.) жобаларын қаржыландыру бойынша өз бағдарламасын бекітті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 224.6 млрд. теңге сомасына 19 жоба мақұлданды.

Тараптар сонымен қатар «Даму» КДҚ» АҚ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмысына тоқталды. 2017 жыл басында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 84.8 млрд. теңге сомасына 461 жоба қаржыландырылған. Холдинг басшысы бұған қоса «отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша ең тиімді бағдарламаның бірі «Бизнес жол картасы – 2020» болып табылады» – деді.

Экономиканың жаңа салаларын қолдаумен және инновацияны дамытумен қатар, Ерболат Досаев «ҚазЭкспортГарант» АҚ құралдары арқылы қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметіне қолдау көрсетілетіні туралы сөз етті.

Ерболат Досаев ХВҚ делегациясын Холдингтің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалға және кредитке берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жұмысы туралы да ақпараттандырып, «Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыруда негізгі қаржылық оператор болып табылатындығын хабарлады».





«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Айдар Арифханов «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары-Басқарма мүшесі болып сайланды.

Айдар Арифхановтың мемлекеттік басқару және экономикалық саясат саласындағы 20 жылдық жұмыс өтілі бар. Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінің Сыртқы қарыз комитеті бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы болып бастаған ол соңғы жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымын атқарды.

Әр жылдарда ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылғы қарашадан бастап ҚР Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында болды.

Айдар Арифханов Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын аяқтаған, 2008 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасы шеңберінде Колумбия университетін тәмамдап, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін (МРА) және 2006 жылы Лондон бизнес мектебінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін (МВА) алған.





Бүгін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұжымына («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) жаңа басшыны таныстырды. Банктың басшылығына Директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылдың 3-ақпанынан бастап «Бәйтерек» Холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, Ерболат Досаев Ләззат Ибрагимованың «Бәйтерек» Холдингі құрылымы аясында жеткен жетістіктері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жаңа деңгейге көтеруге септесетін кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтті.

22 жылдық жұмыс өтілінің басым бөлігін шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мәселелеріне арнаған. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық университетінің оқытушылығынан бастап «Бәйтерек» Холдингіне кіретін және басқа да ірі даму институттарының басшылығына дейін қызмет атқарды.

Түрлі жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының экономикалық даму бойынша ұлттық сарапшысы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының сараптау мен даму стратегиясы, оқыту мен консалтинг, корпоративті даму департаменттерінің басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы лауазымында жұмыс істеді.





Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев бизнес-орта өкілдерімен, арабтық жетекші даму институттарының және қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Ерболат Досаевтың топтың бас жетекшісінің орынбасары және қордың дамушы секторы жөніндегі бас жетекшісі Валид Аль Мокарраб Аль Мухаиримен кездесуі барысында «Mubadala Development Company PJSC» ұлттық әл-ауқат қорымен серіктестік туралы мәселе талқыланды.

Тараптар Қазақстан Республикасы аумағында және басқа басымды нарықтарда «Бәйтерек» холдингісінің құрылған «Kazakhstan Infrastructure Fund C.V.» қоры «Kazyna Capital Management» АҚ еншілес ұйымы арқылы да, басқа тетіктерді пайдаланумен де инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды.

«Бірлескен бастамамыз – инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды іске асыруды одан әрі дамыту мақсатында біз өзара инвестициялық платформа құруды жоспарлаудамыз», – деді Ерболат Досаев.

Ерболат Досаев «Mubadala» қорының дамушы нарықтардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша бай тәжірибесі және «Бәйтерек» холдингі компаниясы тобының отандық экономиканы әртараптандыру бойынша белсенді қызметі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі ұзақ мерзімді дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.





Оның құзыретіне құқықтық қамтамасыз ету мәселелері кіреді.

Вячеслав Сонның заң саласындағы 12 жылдық басқарушылық жұмыс өтілі бар. Еңбек қызметін ол 2002 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ тобында бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымынан бастап, Заң департаментінің директорына дейін көтерілген. Одан кейін «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры лауазымын атқаруда.

Вячеслав Сон Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін (құқықтану), Заманауи Гуманитарлық Университетін (лингвистика), сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін (МВА, қаржы және кредит) аяқтаған.



12