Төрағаның блогы

Жеке блог парақшамда Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Бүгінде Бәйтерек девелопмент» – бұл заманауи, ашық және серпінді дамып келе жатқан компания. Белсенді инвестициялық қызмет, иелігіміздегі қор базасы, сонымен қатар, компанияның өсіп келе жатқан әлеуеті еліміздің құрылыс саласын жедел дамытудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның басты міндеті – мемлекеттік жеке әріптестік механизмдерін және корпоративтік басқару мен технологияның озық стандарттарын қолдана отырып, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз ету.

Блог жедел кері байланыс үшін құрылған. Сіздердің компания қызметі туралы ұсыныстарыңызға рахмет айта отырып, сұрақтарыңызға да жауап беруге дайынмын. Блог пайдалы ақпараттық қор, әрі біздің өзара қарым-қатынасымыздың тиімді құралы болып табылатынына сенімдімін.

 

Құрметпен,

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасы
Мұрат Құдайбергенов