«EXPO Residence» ТК Тұрғындық емес үй-жайларды сату

Құрметті өтініш берушілер!

 «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылғы 16 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағындағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінде («EXPO Residence» ТК) орналасқан тұрғындық емес үй-жайларды сатудың басталатынын хабарлайды.

Тұрғындық емес үй-жайларды сатып алуға жеке және заңды тұлғадардан (сенімхат бойынша өкілдерінен) өтініштер оның түскен күні мен анық уақытын көрсете отырып «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның кеңсесінде тіркеледі. Өтініштер мына мекенжайға беріледі: Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, «Бәйтерек девелопмент» АҚ (Жылжымайтын мүлікті өткізу дирекциясы).

Бір ғана тұрғындық емес үй-жайды сатып алуға әртүрлі сатып алушылардан бірнеше өтініштер келіп түскен жағдайда, бұл жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу құқығын осы жылжымайтын мүлікті сатып алуға берген өтініші «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на басқа өтініштерден ерте келіп түскен және тіркелген сатып алушы алады.

 «Бәйтерек девелопмент» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) тұрғындық емес үй-жайларын өткізу шарттары:

  1. Сатып алушы тұрғындық емес үй-жайды өз қаражаттары есебінен немесе кредит (ипотекалық қарыз) алу арқылы сатып алу тәсілін таңдауға құқылы.
  2. Тұрғындық емес үй-жайды өткізу Қоғамның атына берілген жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Өтініште сатып алушының байланыс деректері, сатып алынатын мүліктің сипаттамасы және құнын төлеу көзі көрсетіледі.
  3. Өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде Қоғамның корпоративтік веб-сайтында өтініште көрсетілген тұрғындық емес үй-жайды сату уақытша тоқтатылады.
  4. Тұрғындық емес үй-жайды өз қаражаттары есебінен сатып алуға өтініш берілген кезде өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде сатып алушыға тиісті ақы төлеу шоты жіберіледі.
  5. Сатып алушы ақы төлеу шотын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде ақша қаражатының толық сомасын Қоғамның есеп айырысу шотына ақы төлеу құжатында көрсетілген деректемелер мен мөлшерге сәйкес аударуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  6. Егер сатып алушы сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын белгіленген мерзімде және толық мөлшерінде төлемейтін болса, жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған өтініші жойылады және тұрғындық емес үй-жай қайта сатуға қойылады.
  7. Жылжымайтын мүлікті қарыз қаражатының (кредит, ипотека) есебінен сатып алуға өтініш берген кезде Қоғам 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде сатып алушыға екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ) ұсынуы үшін тұрғындық емес үй-жайдың сатуға дайындығы туралы оның құны көрсетілген жазбаша хабарламаны жолдайды.
  8. Сатып алушы тиісті жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде сатып алушыға жасалған сату-сатып алу шарты бойынша тұрғындық емес үй-жайды сатып алуға кредит беру мүмкіндігі туралы ЕДБ-нің кепілдік растамасының түпнұсқасын Қоғамға беруге міндеттенеді.
  9. ЕДБ-нің кепілдік растамасының түпнұсқасы белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, Қоғам өтініш берушінің тұрғындық емес үй-жайды сатып алуға өтінішін қараудан бас тартады және оны өткізуді қайта жалғастырады.
  10. Тұрғындық емес үй-жайды сатып алуға кредит қаражатын сатып алушыға беру туралы ЕДБ-нің кепілдік растамасының түпнұсқасы берілгеннен кейін Қоғам тұрғындық емес үй-жайды өткізу рәсімін ұйымдастырады. Бұл ретте тұрғындық емес үй-жайдың өтеуін төлеп алу үшін ақша қаражатын сату-сатып алу шартында көрсетілген Қоғамның есеп айырысу шотына аудару мерзімі тиісті сату-сатып алу шарты жасалған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
  11. Тұрғындық емес үй-жайды сату-сатып алуға жасалған шарттарды, оған қосымша келісімдерді, тұрғындық емес үй-жайды сату-сатып алу шартын бұзу туралы келісімдерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі, оның ішінде оларды ресімдеу және нотариалдық куәландыру жөніндегі шығыстарды,  сондай-ақ қажет жағдайда, тұрғындық емес үй-жайға техникалық паспорт және жер учаскесіне мемлекеттік актіні дайындау жөніндегі шығыстарды аталған жылжымайтын мүлікті сатып алушы төлейді.
  12. Тұрғындық емес үй-жай бойынша коммуналдық және пайдалану қызметтерінің шығыстары сату-сатып алу шарты уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелген күннен бастап сатып алушыға жүктеледі.
  13. Тұрғындық емес үй-жайды сатып алушыға беруді Қоғам сату-сатып алу шарты мемлекеттік тіркеуден өтіп, өткізу құнының толық сомасы Қоғамның есеп айырысу шотына аударылғаннан кейін қабылдау-өткізу актісі бойынша жүзеге асырады.
  14. Өтінішін жолдай отырып, сатып алушы осы Қоғамның тұрғындық емес үй-жайын өткізу шарттарымен келіседі.

«ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы тұрғын үй кешеніндегі тұрғындық емес үй-жайларды сатып алумен байланысты қосымша сұрақтарыңыз болса, мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 7172 79-65-60 вн.384 (жұмыс күндері сағат 9-30-дан 19-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін).

«EXPO Residence» ТК Тұрғындық емес үй-жайларды сату

 «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін өткізу мәселелері бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ делдалдық қызметтер көрсететін риэлторлық және басқа ұйымдармен ынтымақтастық жасамайтынын қосымша хабарлаймыз. «EXPO Residence» ТК-гі мүлікті ресімдеу және сатып алу кезінде барлық өзара есеп-айырысулар екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшасыз аударым жолымен ғана жүргізілетінін назарға алуды сұраймыз.