Нәтижелер
Күні Оқиғалар
Қараша 2009 ж. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның мақсатты кредиті өңдеуші өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін 20 млрд. теңге сомасында берілді.
Желтоқсан 2009 ж. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жалпы 17.6 млрд. теңге сомаға шарттастырылған депозиттер келесі банктерге орналастырылды: 1. «Қазкоммерцбанк» АҚ; 2. «БТА Банк» АҚ; 3. «Қазақстан Халық банкі» АҚ; 4. «Альянс банк» АҚ; 5. «Темірбанк» АҚ.
Қаңтар 2010 ж. «Даму» КДҚ» АҚ-ның мақсатты кредиті екінші деңгейдегі банктер және лизинг компаниялары арқылы лизингтік мәмілелерді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін 2 млрд. теңге сомасында берілді.
Желтоқсан 2009 ж. – Қазан 2010 ж. Алматы қаласындағы «Үштөбе» ТК құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі: 1.3 млрд. теңге. 178 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 192 пәтер тапсырылды.
Желтоқсан 2009 ж. – Қараша 2010 ж. Астана қ. «Гранд Алатау» ТК құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі: 1.7 млрд. теңге. 162 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 296 пәтер тапсырылды.
Желтоқсан 2009 ж. – Қаңтар 2013 ж. Алматы қ. «Сайран» КТК құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі: 17.1 млрд. теңге. 1090 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 3 886 пәтер тапсырылды.
Маусым 2010 ж. – Қараша 2014 ж. Алматы қ. «Тау Самал» ТК құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі: 6.6 млрд. теңге. Құрылыс түпкілікті аяқталғаннан кейін 670 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 714 пәтер тапсырылды.
Қазан 2011 ж. – маусым 2013 ж. Алматы қ. «Солнечный квартал» ТК құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі 2 млрд. теңге. 358 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 376 пәтер тапсырылды.
Сәуір 2012 ж. – қазан 2014 ж. Алматы қ. «Шаңырак» ТК құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі 800 млн. теңге. 100 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 102 пәтер тапсырылды.
Ақпан 2013 ж. – Желтоқсан 2013 ж. Алматы қ., Жангелдин көшесі, 11 тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыру. Қаржыландыру көлемі 140 млн. теңге. 45 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді, 45 пәтер тапсырылды.
Қаңтар 2014 ж. — қыркүйек 2015 ж. Алматы қ. «Жайлы 2» ТК құрылысын қаржыландыру (ішінара). Қаржыландыру көлемі 350 млн. теңге. Құрылыс түпкілікті аяқталғаннан кейін 342 үлестік қатысушылардың проблемалары шешіледі.

 

ӘСЕРІ

2011 ж. бастап 2016 ж. дейін «Байтерек девелопмент» АҚ:

—8 проблемалы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтауды жалпы 30 млн. теңге сомаға қаржыландырды. Осының нәтижесінде жалпы алаңы 858 805 ш. м. объектілер пайдалануға берілді және 3 307 үлестік қатысушылардың проблемалары шешілді;
— «Тау Самал» ТК құрылысындағы үлестіктің қатысудың 876 шарттары бойынша міндеттемелер қабылдады
— «Тау Самал» ТК үлестік қатысушыларына жылжымайтын мүліктің 851 объектісін беру рәсімін жүргізді
—Жалпы 1676,2 млн. теңге сомаға ішінара берілген жылжымайтын мүлік объектілерін (пәтерлерді) сатты
— 8,1 млрд. теңге сомаға шарттастырылған орналастыру бойынша қайтаруды қамтамасыз етті
— 110 млрд. теңге сомаға 700-ден астам кәсіпкерлік субъектілерін револьверлік негізде қаржыландырды
—Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде 59,6 млрд. теңгені екінші деңгейдегі банктерге және қаржы ұйымдарына («ҚДБ» АҚ және «ДАМУ» АҚ) бағыттады
— 2015 жылдың қорытындысы бойынша 7,8 млрд. теңгені қайтару кумулятивті түрде қамтамасыз етілді