Қымбатты достар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
Біз барлық балалардың денсаулығын, бақытты болып өсуін, әр баланың сүйікті отбасының, қамқор ата-анасының болуын тілейміз. Мереке шеңберінде біздің Қоғамның қызметкерлерінің балалары «Менің әкем/анам Бәйтерек девелопментте жұмыс істейді» тақырыбына суреттер салды. Барлық бала бұл күні құнды және әдемі сыйлықтар алды.
Сіздердің назарларыңызға тамаша суреттерді ұсынамыз:
«Бәйтерек девелопмент» АҚ командасы КВН Кубогын жеңіп алды.
2015 жылғы 26 желтоқсанда қызықты, көңілді және біріктіруші ойындардың бірі – КВН болып өтті.
Ойын Жаңа жылға арналып өткізілді, мұның өзі қатысушылар мен көрермендерге мерекелік көңіл-күй және ұмытылмас позитивті сезімдер сыйлады. Жаңа жылдық КВН Кубогі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және Холдингтің еншілес ұйымдарының құрама командаларының арасында өтті.
Командаларға қолдау көрсетуге отандық шоу-бизнес жұлдыздары және КВН Халықаралық лигасының «Однажды в России» жобасы келді.