Біз туралы

«Стресстік активтер қоры» Акционерлік қоғамы «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 қарашадағы № 996 қаулысына сәйкес 2008 жылғы 19 қарашада құрылды.

2008 жылғы 10 желтоқсандағы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Стресстік активтер қоры» Акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на сенімгерлік басқаруға берді.

2012 жылғы 31 желтоқсаннан бері Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болды. 2013 жылғы 31 тамызда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы Қоғамның барлық акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен сатып алды және Қоғамның Жалғыз акционері атанды.
2014 жылдың 25 сәуірінде «Стресстік активтер қоры» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен «Бәйтерек девелопмент» АҚ болып қайта аталды.

Миссиясы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ миссиясы Қазақстан Республикасының құрылыс саласы үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Көрінісі

«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2023 жылға қарай үздік практикалардың негізінде жұмыс істейтін және қаржылық қолдау жолымен құрылыс саласының тұрақты дамуына жағдай жасайтын тиімді даму институтына айналады.

Стратегия

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға стратегиясы.