«Бәйтерек» және Қытайдың Сауда-өнеркәсіптік Банкі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ШЫҰ 2017 Саммитінің шеңберінде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің IV отырысында «Бәйтерек» холдингі мен «Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ арасында 300 млн. АҚШ доллары сомасына ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ ҚХР төрт ірі мемлекеттік банкінің бірі болып табылатын Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) құрамына кіреді.
Келісім «Бәйтерек» холдингісіне отандық кәсіпорындарға өнеркәсіптік даму, ақпараттық технологиялар, шағын және орта бизнесті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, трансферт және инновацияны енгізу салаларында және Қазақстан Республикасы үшін басымды болып табылатын басқа секторларда инвестициялық жобаларды іске асыруға қолжетімді пайыздық мөлшерлемелер бойынша қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді.