«Бәйтерек» холдингі Маңғыстау облысының кәсіпкерлері үшін қолдау құралдарын таныстырды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Маңғыстау облысында бизнесті мемлекеттік қолдау форумы» тақырыбында Маңғыстау облысының кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін форум өткізді.

Форумға Маңғыстау облысының әкімі, «Каспий» СПК, Kazakh Invest және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Форумға кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін қоса алғанда 400-ге жуық қатысушы келді. Бұл іс-шараға «Бәйтерек» холдингінің жоба жетекшісі Дамир Мусиннін модераторлық етуімен Холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Қаржы Корпорациясының өкілдері сөз сөйледі және Аграрлық кредиттік корпорация бизнесті қолдау құралдарын таныстырды.

Облыс кәсіпкерлері мен инвесторлар «Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымдары («Қазақстан даму банкі» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ,  «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тікелей инвестициялар қоры, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Қазақстан даму банкі» АҚ еншілес ұйымы, «Бәйтерек» ҰБХ құрылымы) тарапынан қаржылық қолдаудың негізгі бағыттары және «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары туралы хабардар болды.

Форум алаңында «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының өкілдері қаржыландыру мүмкіндіктері мәніне жоба бастамашыларымен В2В келіссөздер өткізді және ынтымақтастықтың одан әрі нақты қадамдары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.