ЭКСПО аумағындағы көп пәтерлі тұрғын үй

2018 жылдың 1 маусымынан «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана қаласынан ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан тұрғын үйлерді өткізуді жүзеге асырып жатыр. Пәтерлер мен көлік тұрақтары нарық шарттарымен сатылымға қойылды.

ЭКСПО-2017 тұрғын үй орамында пәтер мен көлік тұрағын кез-келген ниеттенуші өзінің қаражатына немесе екінші деңгейлі банктерден қарыз алу, «7-20-25»бағдарламасы немесе «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы тұрғын үй қарызын   алады.

ЭКСПО-2017 тұрғын үй нысан обьектілерін сатудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікті алуға өтініш қабылдау Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы жүзеге асады.

Баспана  II кластық жайлылықта және таза әрлеуде сатылады. Тұрғын үй

қабаттылығы – 6-8 қабатты, төбесінің биіктігі – 3 метр. Бір бөлмелі үйдің аумағы   41,3 тен 50,7 ш.м, екі бөлмелі – 60,8 ден 75,6 ш.м., үш бөлмелі – 85,3 тен  104,9 ш.м, төрт бөлмелі– 108,4 тен 123,7 ш.м.

Атап өту керек, тұрғын кешенінің құрылысы мен әрлеуі кезінде экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Каркастары монолит, сыртқы қабырғалары – жоғары сапалы керамикалық кірпіш, жылытылған минералмақта плиткасы мен табиғи жылтыратылған әк тасымен қапталған.

 

Тұрғын үй кешенінде автоматтандырылған жүйе тыныс –тіршілікті қамтамасыз ету, бейнебақылау, диспетчеризация, кіруді бақылау мен басқару, тұрғын үйдің  тиімді орналасуы қосымша жайлылық пен қауіпсіздікті тұрғындарға қамтамасыз етеді.

Анықтама: 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында сауда-сауық орталығы мен тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырды. Тұрғын үй орамы, аумағы110,7 мың. ш.м., «Люкс недвижимость Group» и «BI Group» компаниясымен серіктестікте салынған болатын.

Компания «Бәйтерек девелопмент» АҚ – Қазақстан бойынша тұрғын үйді жалға және несиеге беру құрылысын қаржыландырады. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардан облигация сатып алу бойынша қаржыландырудың бірегей операторы болып табылады.

Астана қаласы ЭКСПО-2017 аумағындағы «Бәйтерек девелопмент» АҚ көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі нысандарды өткізу тәртібі