Директорлар кеңесі

Омарқожаев
Әнуар Сағынәлиұлы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы

1973 жылғы 31 қазанда Жамбыл облысында туған.

Азаматтығы — Қазақстан Республикасы.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Германиядағы Бремен институтын аяқтаған.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2002 жылғы шілдеден қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің атташесі. 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігінің хатшысы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Хаттамасының бас инспекторы.

2007 жылғы қаңтардан наурызға дейін – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – хаттамалық қызметінің басшысы.

2007-2012 жылдары – Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыс және хаттама бөлімінің меңгерушісі – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі хаттамасының басшысы.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.

2014 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалған.

2016 жылғы 3 қазанда Директорлар кеңесінің шешімімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

2018 жылғы 31 қантарда «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.


Сон
Вячеслав Владимирович

«Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Азаматтығы — Қазақстан Республикасы.

Вячеслав Сон Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін (құқықтану), Заманауи Гуманитарлық Университетін (лингвистика), сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін (МВА, қаржы және кредит) аяқтаған.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Вячеслав Сонның заң саласындағы 12 жылдық басқарушылық жұмыс өтілі бар. Еңбек қызметін ол 2002 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ тобында бағалы қағаздармен жұмысты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері лауазымынан бастап, Заң департаментінің директорына дейін көтерілген. Одан кейін «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры лауазымын атқаруда.

Вячеслав Сон «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның басқарушы директоры болып тағайындалды. Оның құзыретіне құқықтық қамтамасыз ету мәселелері кіреді.

2018 жылдың қаңтарынан «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.


Нұрланов
Нұржан Нұрланұлы

«Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Азаматтығы — Қазақстан Республикасы.

Нұржан Нұрланов American InterContinental University (Ұлыбритания, бизнес-әкімшілендіру бакалавры), University of Wales (Ұлыбритания, маркетинг магистрі), Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін (Қазақстан, мұнай-газ ісінің техникасы мен технологиясының бакалавры) тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

2011 жылдан бастап «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-да менеджер, Инвестициялық ынтымақтастық департаментінің директоры, Өңірлік ынтымақтастық қызметінің басқарушы директоры лауазымдарында болды.

Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесі өңірлік даму бөлімінің сарапшысы (2012-2013), «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры (2013-2014), «ҚазТрансГаз» АҚ газ маркетингі жөніндегі басқарушы директоры (2014-2016), «ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары, Басқарма мүшесі (2014-2016) қызметтерін атқарды.

2018 жылдың ақпанынан «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2018 жылы 6 ақпандағы Басқарманың шешімімен «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі ретінде сайланды. 


nurkatov

Нұрқатов
Арнұр Арыстанұлы

Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі

1967 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында өмірге келген.

Азаматтығы — Қазақстан Республикасы.

1990 жылы — Алматы халық шаруашылығы институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылы — «АССА» (The association of Chartered Certified Accountants) курсының бағдарламасы бойынша Мәскеу кәсіби бухгалтерлер және аудиторлар институтын бітірді.

2009 жылы — Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы Академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірді.

2009 жылы — Халықаралық Бизнес Академиясында «Қаржыны басқару» бағдарламасы бойынша MBA дәрежесін алды.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

1990 – 1995 жылдар — «Алтай» ШК-да бухгалтер, бас бухгалтер, коммерциялық директор.

1995 – 1998 жылдар — «Баян-Ауыл» Халықаралық биржалық сауда үйі» АҚ-да қаржы директоры.

1998 — 1999 жылдар — «Желдорснаб» ДГП Қостанай өңірі бойынша бастығы.

2000 — 2006 жылдар — «Қазақтелеком» АҚ бас қазынашысы, Қаржы департаментінің директоры.

2006 — 2015 жылдар — «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымы «КТ Cloud Lab» ЖШС-нің Бас директоры.

2013 жылғы 23 тамыздан бері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.


aimbetovАйымбетов
Сейітсұлтан Сүлейменұлы

Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі

1947 жылғы 15 шілдеде Қызылорда облысы Сырдария ауданының Жетікөл совхозында дүниеге келген.

Азаматтығы — Қазақстан Республикасы.

1969 жылы — Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірді.

2006-2011 жылдары — «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ ЕурАзЭС ПАА «Достастық» орденімен марапатталды.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

1969 – 1990 жылдар — ҚазКСР Қаржы министрлігі

Бақылау-ревизиялық басқармасында бақылаушы-ревизоры, аға бақылаушы-ревизор, бас бақылаушы-ревизор, бастықтың орынбасары;

1990 – 1991 жылдар — ҚазКСР Қаржы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру басқармасының бастығы;

1990 – 1991 жылдар — ҚазКСР Қаржы министрлігінің Бас бюджеттік басқармасының бастығы;

1992 – 1995 жылдар — ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің төрағасы;

1995 – 1996 жылдар — ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі.

1996 – 2007 жылдар — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары; ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы; Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары, ҚР Әділет вице-министрі.

2007 – 2016 жылдар — ҚР Парламенті Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өкірлік даму жөніндегі комитетінің Төрағасы.

Қазіргі уақытта — «ҚазТКШОрталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2016 жылғы 31 мамырда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.


Худайбергенов Мурат
Энвербекович

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

1961 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында өмірге келген.

Азаматтығы — Қазақстан Республикасы.

198 6 жылы — Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

1982 – 1984 жылдар — Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлауы жанындағы Процестерді автоматтан – дыру және басқару құрылымын жетілдіру жөніндегі Ғылыми-зерттеу институтының технигі, инженері.

1984 – 1986 жылдар — Алматы халық шаруашылығы институтының комсомол комитетінде жұмыс істеді.

1986 – 1988 жылдар — АХШИ ХШЖ кафедрасының машықтанушы-зерттеушісі.

1988 – 1992 жылдар — Қазақ КСР Қазгидрометінде экономист, жоспарлық-өндірістік бөлімі бастығының орынбасары.

1992 – 1997 жылдар — «Алком» фирмасының өндірістік бөлімінің бастығы.

1997 – 1998 жылдар — «Акцепт» ЖШС директоры.

1998 – 1999 жылдар — ҚР Қаржы министрлігі жанындағы алкоголь өнімдерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы.

2000 – 2001 жылдар — «Адани» ЖШС директоры.

2001 – 2008 жылдар — «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қоры» ҚҚ директорының бірінші орынбасары.

2004 – 2008 жылдар — «ҚБТУ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2008 – 2012 жылдар – «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қоры» ҚҚ директорының кеңесшісі.

2016 жылғы тамыздан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.