Дағдарысқа қарсы бағдарлама

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Алматы қаласындағы «Солнечный квартал» ТК және «Тау Самал» ТК-де орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін сату туралы хабарлайды.«Бәйтерек девелопмент» АҚ жылжымайтын мүлікті делдалсыз сатады.

 

«Тау Самал» тұрғын үй кешеніне кіретін, сатылатын жылжымайтын мүлік объектілері

Орналасқан жері: Алматы қ., Әуезов ауданы, Науаи көшесі

Үйдің №
Пәтердің №
Жалпы аумағы (кв.м) Сатылатын құны, KZT
1 72 124б 149,5 29 501 217,38
2 72 124а 171,2 33 308 063,87
3 72 100а 127,7 25 655 802,44
4 72 100б 196,0 37 488 161,08
5 74 24а 149,4 29 481 484,12
6 74 48б 148,5 29 303 884,82
7 74 48а 162,9 31 816 037,93
8 74 24б 170,8 33 230 241,29

 

Үйдің № 1 машина орынның алаңы Машина орын саны 1 машина орынның сатылатын құны (ҚҚС ескергенде)
1 62а 16,80 210 1 056 586,72
2 66а 16,80 260 1 056 586,72
3 72а 16,20 247 1 018 850,56

 

Мекенжайы Алматы қ., Әуезов ауданы, Науаи көшесі, 72/1-ші телім
Сату объектісі Аяқталмаған құрылыс объектісі орналасқан жер телімі
Жер телімінің жалпы алаңы 0,31 га
Жер телімінің кадастрлық нөмірі 20-312-058-765
Жерлер санаты елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және селолық елді мекендердің) жерлері
Жер телімінің мақсаттық арналуы Су алу құрылғысының алаңы бар көп мақсатты тұрғын үй кешенін пайдалану және қызмет ету үшін
Жер телімінің бөлінгіштігі бөлінбейді
Жер телімінің нарықтық құны 129 322 000 (жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз жиырма екі мың) теңге

 

«Солнечный квартал» тұрғын үй кешеніне кіретін, сатылатын жылжымайтын мүлік объектілері

Орналасқан жері: Алматы қ., Бостандық ауданы, Бальзак көшесі

Үйдің № 1 машина орынның алаңы Машина орын саны 1 машина орынның сатылатын құны (ҚҚС ескергенде)
1 8/1 15,5 9 906 636,64
1 8/1 15,5 105 1 467 701, 76

 

Жылжымайтын мүлік объектісін/лерін өткізу әлеуетті сатып алушының өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер қағаз жеткізгіште қабылданады.

Жылжымайтын мүлік объектісін/лерін сатып алуға өтінішті сатып алушы «Байтерек девелопмент» акционерлік қоғамы Басқармасы Төрағасының атына төлем көзін көрсетумен (өз қаражаттары немесе кредит қаражаттары) және өткізу бағасының кемінде 3% мөлшеріндегі алдын ала төлемді растайтын құжаттың көшірмесін және сатып алушының жеке куәлігінің көшірмесін өтінішке қоса берумен толтырады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алушы өз қаражаттары есебінен сатып алған кезде төлем 3 жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлік кредит ресімдеу жолымен сатып алынған кезде әлеуметті сатып алушыға 30 күнтізбелік күн мерзімге мұрсат берілуі мүмкін. Егер сатып алушы берілген мерзімнің ішінде кредит ресімдемесе, сатып алушының сату бағасынан 3% мөлшеріндегі алдын ала төлемі қайтарылмайды.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ жылжымайтын мүлік объектілерін өткізудің жаңа механизмінің – Сатып алу құқығымен жалдаудың ашылғанын жариялайды. Жылжымайтын мүлікті сатып алу құқығымен жалдау арқылы иемдену үшін әлеуетті жалгер жалдау мерзімін, кепілді төлем сомасын және бастапқы жарнаның сомасын көрсете отырып «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының атына өтініш жазады. Әлеуетті жалгер 3 (үш) айлық жалдау төлемінің мөлшерінде біржолғы кепілдік төлемін енгізеді. Әлеуетті жалгер Қоғамның шотына біржолғы кепілдік төлемді өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде енгізуі тиіс.

Сатып алу құқығымен жалдау кезінде әлеуетті жалгер бастапқы жарнаны енгізуге құқылы. Бастапқы жарнаны енгізген жағдайда, әлеуетті жалгер өтініште бастапқы жарнаның сомасын көрсетеді және Қоғамның шотына бастапқы жарнаны өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде енгізуі тиіс.

Кепілдік төлемін және бастапқы жарнаны (бар болса) төлегеннен кейін Қоғам әлеуетті жалгермен Сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасады.
Сатып алу құқығымен жалдауға жылжымайтын мүлік объектілері 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Жалдау төлемдерінің құнына Қоғамның мүлік салығына төленетін шығыстары енгізіледі.
Ай сайынғы төлем мүлік салығын және ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерінде есептелген сыйақыны ескере отырып есептеп шығарылады.
Коммуналдық және пайдалану қызметтеріне шығыстар жалдау төлемінің құрылымына кірмейді және жалгер өз бетінше төлейді.
Мерзімінен бұрын сатып алуға және шарт бойынша берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат етіледі.

Кепілдік төлемі сатып алумен жалдау шартының бүкіл кезеңіне енгізіледі және шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан немесе ол бұзылғаннан кейін жалгерге қайтарылады.

Төлем үшін деректемелер: 3 % мөлшеріндегі алдын ала төлем «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның есеп айырысу шотына енгізіледі, СТН 600 900 614 502, БСН 081 140 011 838, ЖСК KZ219 470 398 000 050 872, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, БСК ALFAKZKA, КБЕ 15, ТБК 171.

Анықтама телефоны: сағат 09.00-ден 16.30-ға дейін 8 (7172) 769-548 Хамзина Сәуле Еркінқызы.