“Бәйтерек девелопмент”АҚ Қостанай облысы әкімдігінің облигацияларын сатып алды

 “Бәйтерек девелопмент”АҚ Қостанай облысы әкімдігінің облигацияларын сатып алды

 2019 жылғы 26 ақпанда “Бәйтерек девелопмент” АҚ Қостанай облысы әкімдігінің 4 млрд.теңге сомасына облигацияларын сатып алды. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрайды. Жылдық 0,35% купондық мөлшерлемесі бар борыштық қағаздар “Нұрлы жер”мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын қаржыландыру мақсатында екі жыл мерзімге шығарылды.

“Бәйтерек девелопмент “АҚ — “Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы-“Нұрлы жер” тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады.. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.