«Бәйтерек девелопмент» АҚ Алматы облысы әкімдігінің облигацияларын сатып алды

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Алматы облысы әкімдігінің облигацияларын сатып алды

2020 жылдың 20 мамырында «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2 млрд. теңгеге Алматы облысы әкімігінің облигацияларын сатып алды. Бір облигацияның атаулы құны – 1 мың теңге. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында жылдық 0,35% купондық қарыздық бағалы қағаздар екі жыл мерзімге шығарылды.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын өтеудің бірыңғай қаржылық операторы болып табылады. Компания Қазақстандағы несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.