“Бәйтерек девелопмент” АҚ Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің облигацияларын сатып алды

“Бәйтерек девелопмент” АҚ Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің облигацияларын сатып алды

2020 жылғы 16 наурызда “Бәйтерек девелопмент” АҚ Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің жалпы сомасы 5,1 млрд.теңгеге облигацияларын сатып алды. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрайды. Жылдық 0,35% купондық мөлшерлемесі бар борыштық қағаздар “Нұрлы жер” тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру үшін екі жыл мерзімге шығарылды.

“Бәйтерек девелопмент “АҚ – “Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы-“Нұрлы жер” тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.