«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2018 жылы әкімдіктердің облигацияларын 98 млрд теңгеге сатып алды

2018 жылы сомасы 98 млрд теңгеге облыстардың және қалалардың әкімдіктері облигациялар шығарды. KASE сауда-саттық алаңында сауда кеше аяқталды, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің саудаға шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздары жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрады. Облигациялар мерзімі екі жылдық  0,35 % құрады. Сатып алушының борыштық бағалы қағаздарын сатып алушы болып, “Нұрлы жер”тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының қаржы операторы – “Бәйтерек девелопмент”АҚ. Облигацияларды сатудан түскен қаражат, жергілікті атқарушы органдар кредиттік тұрғын үй салуға жұмсайды. Бүгін облигациялық қарыздар есебінен өңірлерде салынған, шамамен 10 мың пәтер бар.

“2016 жылдан бастап компаниямен сатып алынған муниципалдық қағаздардың жалпы сомасы 208 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы әкімдіктермен бұрын шығарылған облигациялар 44 млрд. теңгеге өтелген, олар револьверлік қаржыландыру арқылы облигациялық қарыздарды тұрғын үй салу үшін бағытталған. Осылайша, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың бар қаражат мөлшері 164 млрд. теңгені құрайды”, – деп хабарлады “Бәйтерек девелопмент” АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алтай Куздибаев.

Биылғы жылы компания “Нұрлы жол” және “Нұрлы жер” тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде  2016 жылы құрылысы салынған обьектерді пайдалануға беруді аяқтады. Бұл кезеңде “Бәйтерек девелопмент” АҚ қаржылық қатысуымен 588,7 мың шаршы метр кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй немесе 9831 пәтер салынды.

 «Бәйтерек девелопмент» АҚ —  «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы—«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жергілікті атқару органдарының облигацияларын сатып алу бойынша бірегей оператор болып табылады.