«Бәйтерек девелопмент» АҚ 200 млрд теңгеге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің облигацияларын сатып алды

 «Бәйтерек девелопмент» АҚ 200 млрд теңгеге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің облигацияларын сатып алды

 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру аясында, 2020 жылғы 14 тамызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалпы сомасы 200 миллиард теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Тұрақты даму қоры» АҚ еншілес ұйымынан облигациялық қарыз алды.

Бұл қаражат облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің облигацияларын «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы сатып алуға жұмсалды.

Кәсіпкерлікті қолдаудың және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді шарасы ретінде Жұмыспен қамтудың жол картасын»іске асыру 200 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.