Басқарма

kusdibaev_a_s

Худайбергенов Мурат Энвербекович

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасы

1961 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында өмірге келген.

1986 жылы Алматы халық шаруашылығы университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.

М.Ә. Құдайбергенов КСР ҚазГидрометте, «Алком» фирмасында, «Талғарспирт» АҚ-да, «Акцепт» ЖШС-де және «Адани» ЖШС-де басқарушы лауазымдар атқарған үлкен жұмыс тәжірибесі бар. 1998 жылы ҚР Қаржы министрлігі жанындағы алкоголь өнімдерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. Сонымен қатар «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қоры» ҚҚ Директорының бірінші орынбасары, кейіннен Директордың кеңесшісі болып еңбек етті. «ҚБТУ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2016 жылғы тамызда «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

 

kusdibaev_a_s

Күздібаев Алтай Шоқанұлы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

1985 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында өмірге келген.

2005 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірді және 2007 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де менеджмент магистрі дәрежесін алды.
Өзінің еңбек қызметін А.Ш. Күздібаев 2008 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Халықаралық еншілес ұйымдарды дамыту департаментінің бас маманы болып бастады. «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС қаржылық жоспарлау жөніндегі үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2013 жылы «Байтерек Девелопмент» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2015 жылғы қаңтарда «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.

 

iskak_a_b

Ысқақ Әділбек Батырұлы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

1980 жылғы 27 наурызда Қостанай облысында өмірге келген.

2002 жылы Алматы Технологиялық Университетін «Тауартану және тұтыну тауарларының сапасын сараптау» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы КИМЭП-те іскерлік әкімшілдендіру магистрі дәрежесін алды.

Өзінің еңбек қызметін Ә.Б. Ысқақ 2000 жылы «Rambutya» ЖШС-де бастады. ҚР ЭБЖМ жанындағы «Маркетингтік – талдамалық зерттеу орталығы» АҚ, «Корпорация «Ордабасы» АҚ, «Үкімет және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ секілді ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да экономикалық талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары болды. Сондай-ақ «НұрОтан» Халықтық-Демократиялық Партиясы» ҚБ Инновациялық комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті. Бұған қоса коммерциялық құрылымдардағы жұмыс тәжірибесі бар.

2014 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2015 жылғы қаңтардан бері «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.

Үйленген. Бір баланы тәрбиелеп өсіруде.

 

ilyasov_t

Ильясов Төлеубек Әубәкірұлы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

1962 жылғы 4 шілдеде Целиноград қаласында өмірге келген.

1984 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде қаржы бакалавры дәрежесін алды.

Төлеубек Ильясов еңбек қызметін «Целиноградтяжстрой» трестінің Целиноград монтаждау басқармасында прораб болып бастады. Құрылыс саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Әртүрлі жылдары жеке және мемлекеттік компанияларда: Астана қаласы  экономика департаментінің «Астана қаласының Коммуналдық меншік қоры» МҚК, «Астана қаласының шағын бизнесті қолдау орталығы» МҚК-да басқарушы лауазымдарды атқарды.

2010 ж. бастап 2013 ж. дейін «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Техникалық бақылау және мониторинг департаментінің директоры болды.

2014 ж. бастап «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ Басқарушы директоры, содан кейін Басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қаңтардан бастап «Orda Glas Ltd» ЖШС Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары болды.

2016 жылғы қарашадан бері «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.

Үйленген, екі баласы бар.

 

%d0%bd%d0%b0-%d1%81%d0%b0%d0%b9%d1%82

Өсербаев Асқарбек Әнуарбекұлы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

1965 жылғы 3 қарашада Алматы қаласында өмірге келген.

1982-1991 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазМУ.

2001 жылы Еуразиялық нарық институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

20 жылдық басқарушылық қызмет атқарған тәжірибесі бар. Әртүрлі жылдары коммерциялық ұйымдарда: «Астана-Моторс» ҚМК, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Меркурий» ЖШС және басқаларда басқарушы лауазымдарда еңбек етті.

2016 жылғы қарашада «Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесі А.Өсербаевты «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындады.

Үйленген, екі баласы бар.