Бағдарлама туралы

Қоғамның негізгі бағытының бірі дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражаттарды қайтару, үлескерлік құрылыстың проблемалы объектілерінің құрылысын қаржыландыруды аяқтау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 09 қазандағы № 1533 қаулысына сәйкес Қоғамға қаражаттарды екінші деңгейдегі банктерде шарттастырылған орналастыру, өңдеуші өнеркәсіптегі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖКС) қолдау көрсету үшін өзге қаржылық ұйымдарды кредиттеу, сондай-ақ жосықсыз құрылыс салушылар үшін үлескерлік қатысу объектілерінің құрылысын аяқтаумен байланысты жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі міндеттер жүктелді.