«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның сыртқы тәуелсіз аудиторы

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның сыртқы тәуелсіз аудиторы

  • Сыртқы аудитор саясаты

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы «27» шілдедегі № 62 шешімімен аудиторлық ұйымдардың қызметін тарту саласындағы «Бәйтерек девелопмент» АҚ сыртқы аудитін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі саясаты бекітілді. Бұл саясаттың мақсаты сыртқы аудитордың қызметін тарту, сыртқы аудиторды таңдаудың бірдейлендірілген рәсімдерін енгізу, мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі тиімді қызметті ұйымдастыру болып табылады.

  • Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі

«Бәйтерек девелопмент» АҚ үшін аудиторлық ұйымды таңдау «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Аудиторлық ұйымның атауы

2015 жылдан бері «Бәйтерек девелопмент» АҚ аудиторы 2015-2018 жылдарға арналған қаржы есептілігінің аудиті жөніндегі қызметті ұзақ мерзімді сатып алу жөніндегі ашық тендердің қорытындысы туралы 2015 жылғы 15 қаңтардағы хаттамаға сәйкес «КПМГ Аудит» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымы болып табылады.

 

«КПМГ Аудит» ЖШС

Астана қ.

«Астана Тауэр» бизнес орталығы

Самал, 12

Телефон: +7 717 255 2888

https://home.kpmg.com

 

«Бәйтерек девелопмент» АҚ қаржы есептілігіне аудитті келесі аудиторлық ұйымдар жүзеге асырды:

2015 – 2016 жылдар – «КПМГ Аудит» ЖШС

2010 – 2014 жылдар –  «Эрнст энд Янг» ЖШС

2008 – 2009 жылдар – «Alliance Audit co» ЖШС

«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының сыртқы аудитін ұйымдастыру және өткізу саясаты