Қоғам жаңалықтары

Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдіктері

облигацияларды өтеуді жүргізді

 

Бүгін 2020 жылдың 2 наурызында Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдіктері жалпы сомасы 7,7 млрд.теңгеге облигацияларды өтеуді жүргізді. Жылдық 0,35% купондық мөлшерлемесі бар борыштық қағаздарды жергілікті атқарушы орган 2018 жылы “Нұрлы жер” мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын қаржыландыру үшін 2 жыл мерзімге шығарды. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрады.

“Бәйтерек девелопмент “АҚ — “Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы -“Нұрлы жер” тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.





Ақтөбе облысының әкімдігі облигацияларды өтеді

            2020 жылдың 27 ақпанында Ақтөбе облысының әкімдігі 3 млрд.теңге сомаға облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүргізді. Жылдық 0,35% купондық мөлшерлемесі бар борыштық қағаздарды жергілікті атқарушы орган 2018 жылы “Нұрлы жер” мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын қаржыландыру үшін 2 жыл мерзімге шығарды. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрады.

“Бәйтерек девелопмент “АҚ — “Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы -“Нұрлы жер” тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.





“Бәйтерек девелопмент”АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

облигацияларын сатып алды

 2019 жылғы 26 ақпанда “Бәйтерек девелопмент” АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 10 млрд.теңге сомасына облигацияларын сатып алды. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрайды. Жылдық 0,35% купондық мөлшерлемесі бар борыштық қағаздар “Нұрлы жер”мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын қаржыландыру мақсатында екі жыл мерзімге шығарылды.

“Бәйтерек девелопмент “АҚ — “Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы-“Нұрлы жер” тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады.. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.





«Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрақты негізде компанияның және оның клиенттерінің уақыты мен материалдық шығындарын азайту мақсатында, өз қызметінің негізгі бағыттарын цифрландыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді.         2019 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ ұсынатын қызметтерді цифрландыру және модернизациялауды қолдау мақсатында «Жалға алушының жеке кабинеті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖЖК) жасалды. ЖЖК мақсаты – компания тұрғын үйін жалға алушылары мен сатып алушылары (ЭКСПО-2017 аумағында КТҮ-де жылжымайтын мүлікті бөліп төлеу) үшін бірңғай ақпараттық алаңды қамтамасыз ету, оған келесі функциялар кіреді:

  • Жасалған келісім бойынша жалпы ақпаратқа жылдам қол жеткізу, мысалы: келісім сомасы, алғашқы жарна, кепілдік жарна, жалдау / бөліп төлеу мерзімі, ай сайынғы төлем сомасы және т.б.;
  • Қажетті ақпаратты тез алу үшін, жиі қойылатын сұрақтарға қол жеткізу;
  • «Бәйтерек девелопмент» АҚ атына электронды байланыс құру және жіберу мүмкіндігі, бұл жалға алушылармен және клиенттермен байланыс процесін айтарлықтай жеңілдетеді;
  • Келісім бойынша маңызды хабарламалар мен жаңалықтарды өткізіп алмай, «Бәйтерек девелопмент» АҚ-нан ескерту алу.

Осылайша, ЖЖК жалға алушылар және сатып алушыларға қажетті акпарат пен қызметтерге онлайн-режимінде қол жеткізуге, сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және компания міндеттеріне «адам факторының» әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ақпаратқа мобильді қол жетімділік сұранысын талдай отырып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Telegram кроссплатформалық мессенджерінде мамандандырылған Telegram бот құрды. Ол келісім бойынша барлық қажетті ақпаратты бақылауға, компания ұсынатын қызметтерді одан әрі жақсартуға бағытталған сауалнамаларға қатысуға, алдағы және кешіктірілген төлемдер туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Telegram – бұл iOS және Android жүйесі бар смартфондарға, сондай-ақ планшет немесе компьютерге арналган тегін мессенджер. Құрастырылған қызмет арқасында, «Бәйтерек девелопмент» АҚ клиенттері бірнеше секунд ішінде қажетті ақпаратты ала алады.

Осыған байланысты, «Бәйтерек девелопмент» АҚ жалға алушылары мен сатып алушыларын Telegram-ботты (@bd_cabinet_bot) пайдалануға шақырады. Жеке кабинеттің және Telegram-боттың жұмысына қатысты барлық сұрақтар байынша жалға алушылар мен сатып алушылар 796-560, ішкі 388 телефонына хабарласа алады.

Windows үшін Telegram жүктеу

iOS үшін Telegram жүктеу

Android үшін Telegram жүктеу





 Нұр-Сұлтан әкімдігі облигацияларды өтеді

2020 жылдың 24 ақпанда Нұр-Сұлтан әкімдігі 2,1 млрд.теңге сомасына облигацияларды толықтай өтеуді жүргізді. Айта кету керек, жылдық 0,35% купондық мөлшерлемесі бар борыштық қағаздарды жергілікті атқарушы орган 2018 жылы “Нұрлы жер”мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын қаржыландыру үшін 2 жыл мерзімге шығарды. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрады.

«Бәйтерек девелопмент»АҚ- «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – ” Нұрлы жер ” тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы болып табылады. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.