Қоғам жаңалықтары

«Бәйтерек девелопмент» АҚ, орналасқан мекенжайы: Астана қ., Сарыарқа көшесі, 6 (деректемелері: ЖСК KZ109470398990059066, «Альфа банк» ЕБ АҚ, БСК ALFAKZKA, БСН 081140011838, Кбе 15), «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес Жалғыз акционердің 2017 жылғы 24 мамырдағы шешімінің негізінде дивидендтер төлейтіні туралы жариялайды.

2016 жылғы қызмет қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның таза пайдасы 10,2 млрд. теңгені құрады. Одан 3,1 млрд. теңге немесе пайданың 30% Жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге бағытталатын болады. 7,1 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражатты қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның иелігінде қалдыруға шешім қабылданды.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ бір жай акциясына шаққанда дивидендтің мөлшері 43 теңге 68 тиынды құрайды. Дивидендтер төлеу кезеңі – 2017 жылғы 1 маусымнан 29 тамызға дейін. Дивидендтер төлеу Жалғыз акционердің банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілетін болады. 

 

«Бәйтерек девелопмент» АҚ – кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыру бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының операторларының бірі болып табылады. Қоғамның Жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ.





«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы бір күндік жалақысын «ҚР Қызыл ай қоғамы» ҚБ Қарағанды филиалының арнайы шотына Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін көмек қорына қаржы бөлді. Су басқан аудандардың тұрғындары үшін жиналған жалпы сома 1,08 млн. теңгені құрайды.

«Бұл компания үшін бір реттік акция емес. Біз әлеуметтік жауапкершілік корпоративтік мәдениетінің дамуына көп көңіл бөлеміз. «Бәйтерек девелопмет» АҚ қайырымдылық бағдарламасын құрастырды. Сол бағдарламаның аясында өткен жылы ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен ауыр науқас балаларға материалдық көмек көрсетілген болатын», – деп атап өтті «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы Басқарма төрағасы Мурат Худайбергенов.





«Бәйтерек девелопмент» АҚ 25 мамырда  «Қазақстан Даму Банк» АҚ қарызының бір бөлігі 1 млрд теңгені  мерзімінен бұрын өтеді. 15 млрд теңгені 16,5% жылдық пайызбен банк 2016 жылы берген болатын.   Қаржыландыру көзі- Біріңғай зейнетақы қорының қаржысы болып табылады.

Тартылған қаржыны «Бәйтерек девелопмент» АҚ 15 жылға  18,5% жылдық пайызбен  «Mega Plaza» АҚ-на «Mega Silk Way» ССО құрылысын салу үшін ұсынды.

Бұрынырақ, 2017 жылдың наурыз айында «Бәйтерек девелопмент» АҚ «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-на сомасы 5 млрд теңгелік  қарыздың бөлігін мерзімінен бұрын өтеген болатын.

Еске саламыз, аумағы 140 мың.ш.м. құрайтын «Mega Silk Way» ССО-ғы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің аумағында, орналасқан орналасқан.Сауда-сауық орталығының құрылысы 2014 жылдың қыркүйегінде басталып,екі жылға созылды. 2017 жылдың 23 наурызында ССО-ның ресми ашылуы болды.





«Бәйтерек девелопмент»АҚ(бұдан әрі-Қоғам) жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-әрекет мақсатында,Сіздерге инвестициялау келісімшартында «Жемқорлыққа қарсы саясат» бөлімі қарастырылғанын еске саламыз.Осыған сәйкес,тараптар жемқорлыққа қарсы төзбеушілік саясатын қабылдайды ,сонымен қатар,егер жемқорлық мінездегі әрекеттер анықталатын болса,тараптар уәкілетті органға хабарлауға міндеттенеді.

Қоғамның қызметіне байланысты әр түрлі сұрақтардың шешімін табуға көмек беру ұсынысымен  Қоғам қызметкерлері болып өздерін таныстырған үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін, аймақтарда Қоғамның супервайзерлері бар екенін Сіздерге ескертеміз.Олардың кәсіби міндетіне нысандар құрылысының мониторингі жатады.

Қоғам өзінің функцияларын жүзеге асыруда үшінші тұлғаларды,басқа да делделдерды тартпайды, тек уәкілеттігі Қоғамның ресми бланкісінде сенімхатпен расталған,Қоғамның бірінші басшыларының қолымен,мөрдің суретімен расталған тұлғалар ғана рұқсат етілетінін қосымша хабарлаймыз.

Қоғаммен  кері байланыс, Қоғам басшылары мен қызметкерлердің жеке қабылдауы немесе «Заңдық және жеке тұлғалардың үндеулерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңына сәйкес, пошталық корреспонденция хаттары арқылы жүзеге асады.

Егер жемқорлық саясатты бұзушылық болса,Сізден Қоғамға мына нөмірлерге ақпарат жіберуіңізді сұраймыз:

8(7172)53-77-81, +77019398916, немесе электрондық мекенжай бойынша:   hotline@bdevelopment.kz.





   «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы «Қазақстан Даму Банкі» АҚ сомсы 5 млрд теңге қарыздың бөлігін қайтарды. Атап өту керек, 2016 жылы банкпен 15 млрд. қарыз 15 жылға, 16,5% берілген болатын. Қарыздың көзі Біріңғай жинақтау зейнетақы қорының қаржысы болатын. Қордың кірісі қарыз бойынша 15% жылдық кіріс. Қарыздың мақсаты – Астана қаласындағы «MEGA Silk Way»  сауда-сауық орталығының құрылысын қаржыландыру болып табылады.

   2016 жылы «Бәйтерек девелопмент»АҚ«MEGA Silk Way» ССО құрылысы- на 15 млрд.теңге қаржыны «Астана Мега» ЖШС-не 15 жыл мерзімге, 18,5% берді. 2017 жылдың 6 наурызы күні сауда-сауық орталығының техникалық ашылуы болды.Сол күні екі компания арасында 5 млрд теңге соманы мерзінен бұрын өтеу туралы келісімшартқа қол қойылды.

   Қазақстандағы ең ірі сауда орталығы «MEGA Silk Way» Астана қаласында халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесі аумағында орналасқан.   Кешеннің құрылысы 2014 жылы  қыркүйек айында басталып, екі жылға созылды.   Сауда-сауық орталығының ресми ашылуы 2017 жылдың 23 наурызына белгіленген. Кешенді айына 1 млн. астам адам көрсе, «EXPO-2017» барысында айына 2 млн. дейін өседі деп жоспарлануда.



1234